Бокс

Батыр Жүкембаевтың қарсыласы ауысты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың алдағы жекпе-жектегі қарсыласы ауысты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы BoxRec.com сайтына сілтеме жасап. 

Кәсіпқой бокста жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген Батыр Жүкембаевтың алдағы жекпе-жектегі қарсыласы өзгерді. Отандасымыз алғашында памалық Альберто Москераға қарсы кездесу өткізу керек болған. Алайда Батырдың ендігі қарсыласы 34 жастағы мексикалық Эмилио Переа (24-8, 15 KO) атанды. Отандасымыз мексикалық боксшыға қарсы жекпе-жегін 27 қазан күні, Канаданың Монреаль қаласында өткізеді. Кездесу 8 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев шаршы алаңда 9 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 8 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған. Отандасымыз соңғы кездесуінде мексикалық Косме Ривераға қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс