Бокс

Бақтияр Артаев: Садриддиннің кәсіпқой боксқа ауысқанына қуаныштымын

Афина Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Садриддин Ахмедовтың бұл шешімі туралы өз ойын білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Жанат Жақиянов пен Райан Барнетт арасындағы жекпе-жекке сарапшы болған Афина Олимпиадасының жеңімпаз Бақтияр Артаев жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан жас спортшы Садриддин Ахмедовты қолдайтынын айтты. Ол өз сөзінде: «Садриддиннің кәсіпқой боксқа ауысқанына қуаныштымын. Жалпы, оның жұдырықтасу мәнері нағыз кәсіпқой боксшылардікіндей, расында, бұл шешім өте дұрыс болды деп ойлаймын. Өйткені жастай кәсіпқой боксқа ауысқандар үлкен нәтижелерге ерте қол жеткізеді. Қанат, Жанат, Головкин бұл боксшылар, негізінен, кәсіпқой боксты кеш бастағандықтан, үлкен жекпе-жектер мен атақтарға қол жеткізуі қиындау болды. Қазіргі жастар ақылды, бәрін бүге-шегесіне дейін ойлап шешім қабылдайды. Сондықтан Садриддинге тек сәттілік тілеймін», – дейді Артаев.

Еске сала кетейік, жастар арасында әлем чемпионы Садриддин Ахмедов кәсіпқой боксқа ауысатынын айтып, The Heavyweight Factory деп аталатын америкалық промоутерлік компаниямен келісімшарт жасайтын болған. Сондай-ақ отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін осы жылдың соңына дейін өткізуі мүмкін екенін де атап өткен. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс