Соңғы жаңалықтар

«Ер Жәнібек» халықаралық турнирі өтеді

Алматыда «Ер Жәнібек»  халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шағын футболдан дәстүрлі ER JANIBEK GUP — 2017  халықаралық турнирі өтпек, — деп жазады Qsport.kz парталы. 

Биылғы кубок белгілі ғалым, филология ғылымдарының  докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің  90 жылдық мерейтойына және Алашорда  қозғалысының 100 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. 

Шағын футболдан өтетін халықаралық турнирдің  мақсаты — Қазақ әдебиеті ғылымына өлшеусіз үлес қосқан зерделі ғалым, қазақ әдебиеті сынының көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің еңбегі мен өнегелі өмірін жастарға үлгі ету. Сондай-ақ шетелде тұратын қазақ жастарына тәуелсіз Қазақ елінің  тыныс-тіршілігін таныстыру, спорттық ойын арқылы Атажұртымен мәдени-рухани байланысын нығайтуды мақсат етеді. . 

ҚР Президент Н.Назарбаев  Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында әлемдегі барша қазақтың бекем бірлігі туралы айтқан еді. Елбасы бұл тақырыпты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да терең қозғаған болатын. Осы орайда, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры Мемлекет басшысысы атап көрсеткен маңызды бағыттарға үн қосуды көздейді. 

​«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ER JANIBEK CUP турнирі  – биыл ІІІ рет өткізілгелі отыр. 24 команда бақ сынайтын жарыстың жүлде қоры 2 миллион теңге. Дүниежүзі қазақ жастарын шақырған футбол турниріне Франция, Түркия, Қытай, Ресей (Омбы, Саратов қалаларынан), Моңғолия, Иран, Өзбекстан және Қырғызстанда тұратын қазақ жастарынан құралған футбол командалары қатысады. Сонымен бірге, Алматы мен Астана қалаларынан және еліміздің әр облысынан келетін спортшылар ойын көрсетеді.  

Турнирге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімшілігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қолдау көрсетіп отыр. 

Сондай-ақ турнир кезінде шағын этноауыл тігіліп, қолөнер көрмесі өтеді.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешені. 

Уақыты: 21-22 қазан 2017 жыл

Жеңімпаздарды марапаттау: 22 қазан 2017 ж. 17:00 де. 

Еске салсақ,  «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры 2006 жылы Қазақстанда құрылған. Халықаралық қор шетелдерде және елімізде мәдени-рухани, қазақ тарихындағы елеулі тұлғаларды дәріптеуге арналған шараларды ұйымдастырып, айтыс өнері мен Алаш арыстарына арналған жобаларды қолдап, қаржыландырумен айналысады. «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының президенті Жеңіс Түркия.  

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар