Басқалары

Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Данияр Каленовке пәтердiң кiлтiн табыс еттi

  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ашхабадта өткен V Азия ойындарының жеңімпазы атанған Данияр Қаленовке пәтердің кілтін табыс етті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Ашхабадта өткен V Азия ойындарында грек-рим күресінен ел намысын қорғап, 66 келі салмақ дәрежесінде топ жарған Данияр Қаленовты жетістігімен құттықтап, пәтердің кілтін табыс етті. Облыс басшысы әр спортшының жетістіктерін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Бүгiнгi таңда спорт пен салауатты өмiр салты ел өмiрiнде үлкен маңызға ие. Спорт бүкiл ұлтты бiрiктiретiн, елге деген сүйiспеншiлiктi қалыптастыратын күш болып табылады. Облысымызда спорт саласына үлкен көңiл бөлiнедi. Бюджеттен қомақты қаржы бөлiнiп, спорт нысандарды салынуда. Бiздiң спортшылар әлемдiк деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткiзiп жүр», — деді Құмар Ақсақалов.

Айта кетейік, Данияр Қаленов Ашхабадта өткен V Азия ойындарында грек-рим күресінен жалғыз алтынды ел қоржынына салып, жеңімпаз атанған болатын. Сонымен қатар, Қаленов араға бір апта салып, Алматыда өткен «Болат Тұрлыханов Кубогы» халықаралық турнирінде де топ жарып, алтын жүлде еншілеген жалғыз балуан болды. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары