Бокс

Жанат Жақиянов Белфаст қаласында ашық жаттығу өткізді

Жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) Райан Барнетке қарсы жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жанат Жақиянов ирландиялық Райан Барнетке қарсы өтетін келесі жекпе-жегі алдында Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласында ашық жаттығу өткізіп, алдағы жекпе-жекке сақадай сай екенін көрсетті. Қазақстандық боксшының қарсыласы 25 жастағы ирландиялық Райан Барнет кәсіпқой бокс шаршы алаңында 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Тіпті 9 рет қарсыласын нокаутқа түсірді. Ал Жанат Жақиянов 28 кездесу өткізсе, оның тек біреуінде жеңіліс тапқан. Соңғы жекпе-жегін осы жылдың ақпан айында америкалық Роши Уорренге қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Еске сала кетейік, Жанат Жақиянов пен Райан Барнет арасындағы кездесуді QAZSPORT арнасы 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні тікелей эфирден көрсетеді. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс