Бокс

Бекман Сойлыбаев пен Фернандо Варгастың жекпе-жегін тікелей эфирден ESPN мен Хабар көрсетеді

Жексенбі күні таңертең өтетін жерлесіміз Бекман Сойлыбаев пен мексикалық Фернандо Варгас арасындағы жекпе-жекті ESPN телеарнасы арқылы әлемнің 200 елі тамашалайды. Ал Қазақстанда аталмыш айқасты «Хабар» телеарнасы көрсетеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Golden Boy Promotion ұйымдастыратын Лас-Вегастағы жекпе-жек кешінде алты айқас жоспарланған. Оның үшеуін тікелей эфирден АҚШ-тың ESPN телеарнасы көрсетеді. Айта кетейік, әлемдегі әйгілі спорттық телеарналардың біріне жататын ESPN кабельдік жүйе арқылы 200 елге тарайды. Яғни, Бекман Сойлыбаев пен Фернандо Варгас арасындағы айқасты осынша елдің көрермендері көре алады деген сөз.

Ал Қазақстан боксүйер қауымы жерлесіміздің жекпе-жегін тікелей эфирден «Хабар» телеарнасы арқылы тамашалай алады. Ендеше, 20 қазан күні таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап «Хабар» арнасын қосыңыз.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс