Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық атлеттер марафоннан Азия чемпионатына қатысады

Қазақстандық марафоншылар Қытайдың Донггуан қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады, — деп хабарлайды Qsport.kz парталы. ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен құрлық біріншілігіне Дана Айдосова, Алексей Гусаров (екеуі де – Алматы), Әмір Байтуқанов (ШҚО) баратын болды.

Дана Айдосова биылғы маусымда бірнеше халықаралық жарыстарда өнер көрсетті. Бірақ ол кезде Дана спорттық жүрістен қатысқан еді. Дегенмен кейіннен спортшы ұзақ қашықтыққа жүгіруге ауысты.

Алексей Гусаров биылғы жылы республикалық жарыстардың барлығында 1500 метрге жүгіруден чемпион атанған еді. 17 қыркүйекте «Астана» марафонында 21 шақырымға жүгіруден чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші ­ –1.14.31 сағат.

Алматылық Айдосова мен Гусаров Михаил Сорокивскийден тәлім алады. Ал Әмір Байтуқановтың жаттықтырушысы ­ – Александр Кругликов.

 Спортшыларды Қытайға Михаил Сорокивский алып барады. Азия чемпионаты 26 қарашада басталады. Бұл сынға танымал қазақстандық марафоншы Гүлжанат Жанатбек қатыспайтын болды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар