Соңғы жаңалықтар

Әнуар Сариев — әлем кубогында қола иеленді

Ташкентте парадзюдодан өтіп жатқан əлем кубогында ел намысын қорғаған қазақстандық дзюшы Әнуар Сариев  қола жүлдегер атанды, — деп жазады Qsport.kz парталы.

60 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде сынға түскен отандасымыз құрама қоржынына қола жүлдені салды. Өз тобынан үздік шығып, жартылай финалда  Румыния спортшысы Александру Бологаға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды. Шешуші белдесуде Әнуар Сариев түркиялық Режеп Живтжиді иппонмен ұтып, қолаға қол жеткізді.

Еске сала кетсек, Германияның Хейдельберг қаласында парадзюдодан  Халықаралық German Judo-2017 Германия ашық кубогы өткен.  Бұл сында  отандасымыз Әнуар Сариев күміс жүлдеге ие болған.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар