Соңғы жаңалықтар

Сұлтан Әбілғазы: Болгарияны өз алаңымызда жеңіуге барлық мүмкіндік бар

Қазақстан жастар құрамасының(U-21) қорғаушысы Сұлтан Әбілғазы (фотода – ортада) ҚФФ-ның баспасөз қызметіне ЕУРО-2019 турнирінің іріктеу кезеңі аясында өткен Болгария-Қазақстан ойыны туралы ой бөлісті, — деп хабарлайды Qsport.kz парталы.

— Біз жақсы командамен ойнадық, сондықтан көп қате жібермей, қойылған жоспар бойынша ойнауға тырыстық. Екі құрама да жақсы ойын көрсете білді. Бар күш-жігерімізді салып, мінез көрсетіп тең есепті жұлып алдық. Меніңше, Болгария – топтан шығудағы біздің негізгі қарсылас. Барлық жігіттер матчқа 100 пайыз беріліп, бапкердің айтқан барлық талабын орындады. Әрине, ойын басында-ақ керек емес гол өткізіп алдық. Алайда есе жібермей, есепті теңестірдік. Шабуылдарды үдете түстік, алға көбірек шыға бастадық. Барлығы ойдағыдай. Біз тең есепті қанағат тұтпаймыз, бірақ сырт алаңда өте мықты командалардың бірімен күш сынасқанымызды ескерген жөн.

— Бірнеше күннен кейін осы болгариялықтармен Астанада тағы кездесесіздер…

— Біз өз алаңымызда Болгариядағы ойыннан да жақсы футбол көрсетіп, жанкүйерлерімізді бір қуантамыз деп сенемін. Жеңіс үшін барымызды саламыз. Астанада тең есеп дегенді мүлдем ойламаймыз, мақсатымыз – тек жеңіс.

Еске сала кетейік, қазақстандық жас футболшылар 10 қазан күні Болгариямен тағы бір рет кездеседі. Астана арена стадионында өтетін матч сағат 19:00-де басталады.

 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар