Ережесіз жекпе-жек

Арман Оспанов АСВ 77 турнирінде сынға түседі

Жекпе-жек кешін 23-желтоқсан күні өтеді.

Қазақстандық жекпе-жек өкілі Арман «Сұңқар» Оспановтың кезекті кездесуі қашан өтетінін белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АСВ тұжырымымен үш жекпе-жекке келісімшартқа отырған отандасымыздың соңғы кездесуі кіммен және қайда өтетіні белгілі болды. «Сұңқар» 23 желтоқсан күні АСВ 77 турнирінде Алексей Полпудниковке қарсы жекпе-жек, яғни, реванш кездесу өткізетін болды. Бұл турнирдің басты кездесуі Оспановтың салмағындағы чемпион Марат Балаев пен осы салмақтың рейтингінде бірінші орында тұрған Юсуф Раисов арасында өтеді. Бұл турнир Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында өтеді. 

Айта кетейік, Арман Оспанов пен Алексей Полпудников 2013 жылы League S-70 турнирінде кездесіп, отандасымыз ресейлік спортшыны 1 раундта нокаутпен жеңген болатын. Дегенмен Алексей соңғы 12 жекпе-жегінде қатарынан жеңіске жетікен.  

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек