Басқалары

Зарина Диас WTA рейтингінде бір саты жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде бір саты жоғарылады, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Жаңартылған рейтингте бірінші орынға румын қызы Симона Халеп орналасты. Екінші сатыда испан қызы Гарбинье Мугуруса жайғасса, үздік үштікті чех теннисшісі Каролина Плишкова түйіндеп тұр.

Ал қазақстандық Зарина Диас болса WTA тізімінде бір саты жоғары көтеріліп, 62-орынға көтерілді. Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева болса жеті орынға төмен түсіп, 54-орынға тұрақтады.

Әйелдер теннис қауымдастығы бүгін тізген тізіміндегі отандастарымыздың арасында ең нашар көрсеткіш Ярослава Шведоваға тиесілі. Ол бірден 151 орыннан 290 орынға төмен сырғыды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары