Соңғы жаңалықтар

Патрик Твумаси Гана құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді

Елордалық «Астана» футбол клубының шабуылшысы Патрик Твумаси Гана құрамасы сапында өзінің бірінші кездесуін өткізді. Бұл туралы Qsport.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кеше Гана құрамасы 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уганда құрамасына қарсы ойын өткізді. Габонда өткен кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды. 

Ал «Астана» клубының шабуылшысы Патрик Твумас болса кездесудің 51-минутында алаңға шығып, Ұлттық құрамасы сапында өзінің бірінші кездесуін өткізді. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Гана құрамасы Африка құрлығының іріктеу кезеңінде «Е» тобында екінші орында келеді. Қазіргі уақытта Авраам Грант командасының еншісінде 6 ұпай бар. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар