Басқалары

Алматыда бәйге жарыстарының маусымы аяқталды

Алматының ипподромында бәйге жарыстарының биылғы маусымы аяқталды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бағдарлама бойынша шабандоздар 1600, 1800, 3000, 4000 метр шақырымдық қашықтықтарда бақ сынап, сонымен қатар 22 және 12 шықырымдық Аламан, Құнан бәйгелерге қатысты.

4000 метрлік қашықтықта Алматы қаласы әкімінің кубогында ағылшын пародиясының сәйгүліктері сайысқа шығып ең бірінші болып мәреге еркін күрестен Олимпиада жүлдегері Ислам Байрамуковтың жылқысы келді.

«Зубаир» деп аталатын жылқының жокейі болып 45 жыл ат спортымен айналысып келе жатқан Геннадий Геннадиевич болды:

— Мен 1971-жылдан бастап ат спортымен айналысам. Көптеген жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болғанмын. Бүгінгі жеңісіме ризамын. Алдағы уақытта да әлі қатысамын деген ойдамын, — деді Геннадий.

Одан бөлек, көптеген ат спортын сүйер қауым шабандоздармен олардың жүйрік сәйгүліктерінің қатысуымен өткен 1600 метрлік «Приз Осенний», 3000 метрлік «Казахстанский Сент-Леджер», 1800 метрлік «Приз в честь закрытия скакового сезона 2017», 7 шақырымдық Жорға жарыс, 22 шақырымдық Аламан бәйге және 12 шақырымдық Құнан бәйге жарыстарын тамашалады.

Айта кетер жайт, бұл жарыс Алматы қаласы ат байге федерациясы және «Алматы қалалық xалықаралық спорттық жобалар дирекциясы» МҚ-ның ұйымдастыруымен Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары