Ережесіз жекпе-жек

Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін Эдсон Барбозамен өткізуі мүмкін

Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін желтоқсан айында бразилиялық Эдсон Барбозамен кездесуі ықтимал. Бұл туралы спортшының әкесі Абдулманап Нурмагомедов айтты, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы «Чемпионат» порталына сілтеме жасап. 

«Біз қазіргі уақытта Хабиб үшін төрт қарсыласты қарастырып отырмыз. Олар — Макгрегор, Фергюсон, Диас және Барбоза. Шамамен Хабиб бұлардың ішінде Эдсонмен кездесетін шығар. МакГрегор Хабибпен кездескісі келіп жүр. Ал Фергюссон болса, жекпе-жектен қашып жүр. 

Барбозамен жекпе-жек біз үшін жоқтан бар. Дегенмен де ол өте қарымды қарсылас. Кевин Ли секілді аса танымал емес, бірақ рейтингде одан жоғары тұр. Сондықтан да бұл кездесуде көп жанкүйер жинауға болады. 

Хабибтің келесі кездесуін Эдсон Барбозамен өтетініне 55 пайыз сенімдімін. Кездесу желтоқсан айында өтуі керек», — дейді Абдулманап Нурмагомедов.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов ережесіз жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін ресейлік спортшы өткен жылдың қараша айында UFC 205 турнирінде Майкл Джонсонға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Содан кейін ол 4 сәуір күні америкалық Тони Фергюсонмен кездесуі керек еді. Алайда жекпе-жекке бір күн қалғанда ресейлік спортшы емханаға түсіп, кездесу өтпейтін болды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек