Соңғы жаңалықтар

«ПСЖ» Коутиньоны сатып алуға ниетті

Париждік «ПСЖ» клубы ағылшындық «Ливерпуль» клубының жартылай қорғаушысы Филлип Коутиньоны сатып алуға ниетті. Бұл туралы Qsport.kz порталы Sport.es басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Париждік клуб 25 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушыны өткен жазғы трансферлік маусымда сатып алуға ниеттенген. Бірақ ағылшындық клуб жартылай қорғаушыны сатуға келісім бермеген. 

Коутиньоны «ПСЖ» сапында команданың шабуылшысы Неймар көршісі келеді екен. Бұған дейні «Барселонаның» намысын қорғаған шабуылшы АҚШ-тағы жаттығу кезінде Коутиньонмен үнемі байланысты болып, оны каталониялық клуб сапына ауысуға үгіттеген. Енді Неймар отандасын «ПСЖ» сапына ауысуды ұсынып жатыр екен. 

Айта кетейік, өткен жазда Коутиньо «Барселона» сапына ауысуға жақын еді. «Ливерпуль» клубының басшылары жартылай қорғаушыны 160 миллион евроға сатуға бел буған. Бірақ каталониялық клуб Филлипті сатып алудан бас тартып, енді бразилиялықты қысты сатып алу үшін қайта келіссөз жүргізеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар