Басқалары

Велошеру спорт ардагерлеріне құрмет көрсетті

Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасының он тоғызыншы велошеруі болып өтті. Ұйымдастырушылар спорт ардагерлеріне құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстады, — деп хабарлайды QSport.kz парталы.

Бұл мерекелік велошеруге Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушылары да қатысты. Сондай-ақ  бұл спорттық шараға балалармен қатар, мұғалімдер мен ата-аналар да қуана қатысыпты.

– Біз оқушыларымызды салауатты өмір салтына, спортқа баулуға тырысамыз. Эко фестивальге қатысуымыз да осы себептен. Жалпы, қала тұрғындарының экологиялық көлік түрін қолданғанын қолдаймыз. Бұл фестиваль қала әкімдігінің және біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) қолдауымен бастау алды. Сонымен қатар БҰҰ біздің мектептерді жиырма велосипедпен қамтасыз еткенін де атап өткім келеді. Велошеруге бірінші рет қатыстық. Енді балаларымыз апта сайын велоспортпен айналысады деген ойдамын, — деді Гүлмира Бақытбекқызы, Химия-биология бағытының НИМ директоры.

Әдеттегідей, «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталған 9 шақырымдық қашықтықты құрайтын велошеру Тұңғыш Президент саябағында аяқталды. Шара соңында қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылды.

Бұл шараның жеңімпазы Шәкәрім Әубәкіров өз алғысын білдірді.

– Мен бұл шараға бірінші рет қатысып отырмын. Әрі велосипед ұтқаныма сене алар емеспін. Өзім велоспортпен шұғылданамын. Менде бірнеше велосипед бар. Сондықтан сыйлығымды өз бапкеріме сыйлаймын. Ұйымдастырушыларға деген алғысым шексіз, — деді ол.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқалары