Бокс

Головкин WBC кеңесінің Мексикадағы елшісі болды

Орта салмақта WBA (Super) IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Мексикадағы елшісі атанды. Бұл туралы кеңестің президенті Маурисио Сулейман айтты, — деп жазады Qsport.kz порталы. 

«Головкин қазан айында Мексикаға келіп, бірнеше іс-шараға қатысады. Қазір ол отбасымен бірге. Головкин — жас балдарға үлгі тұтатын боксшы. Ол бұған дейін ешқашан жанжалдың ортасында қалмаған. 

Біз оны мақтан тұтамыз. Сондықтан ол біздің Мексикада елшіміз болады», — дейді Сулейман  Boxingscene.com порталына берген сұxбатында. 

Айта кетейік, Бакуде өтіп жатқан WBC кеңесінде Головкин «Жыл адамы» атанған болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс