Ережесіз жекпе-жек

Тони Фергюсон мен Кевин Ли көз арбасты

UFC тұжырымының жекпе-жек майталмандары Тони Фергюсон мен Кевин Ли көз арбасты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Жеңіл салмақта  уақытша чемпиондық атақты сарапқа салатын Тони Фергюсон мен Кевин Ли пресс-конференция өткізіп, көз арбасты. Пресс-конференция барысында қос спортшы журналистердің сұрақтарына жауап бір-біріне деген көзқарасын білдірді. Фергюсон Кевинді 5 раунд бойы көгала қойдай қылып сабайтынын айтты.

Айта кетейік, Кевин Ли мен Тони Фергюсон 6 қазан күні UFC 216 турнирінде уақытша чемпиондық атақты сарапқа салады. Жекпе-жек АҚШ-та Лас-Вегас қаласында орналасқан T-Mobile аренасында өтеді. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек