Ережесіз жекпе-жек

Алматыда Fights Nights Global турнирі өтеді

Алматы қаласында ережесіз жекпе-жектен Fights Nights Global турнирі өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы MMA_fighters_kz-ке сілтеме жасап.

26 қараша күні Алматы қаласында Алматы аренада ережесіз жекпе-жектен Fights Nights Global мен AFC спорт клубымен бірлесе отырып, халықаралық турнир өткізуді көздеп отыр. Бұл турнирдің басты кешінде қазақстандық Қуат Хамитов, Жалғас Жұмағұлов, Жұман Жұмабек сынды жекпе-жек өкілдері сайысқа түседі деп күтілуде.

Айта кетейік, Fights Nights Global  турнирі осыған дейін Астана қаласында Барыс аренада өтіп, қазақстандық жекпе-жек өкілдері сайысқа түскен болатын. Бұл сайыста Жалғас Жұмағұлов Вартан Асатарянға қарсы жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атаққа таласқан болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек