Бокс

WBC кәсіпқой боксқа жаңа салмақ дәрежесін енгізуі мүмкін

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) алдағы уақытта аса ауыр салмақты екі дивизионға болуы мүмкін. Бұл туралы кеңестің президенті Маурисио Сулейман Бакуде өтіп жатқан WBC Конвенциясында айтты, — деп жазады Qsport.kz порталы. 

«Біз Бүкіләлемдік бокс кеңесінің дәрігерлер қосынына аса ауыр салмақтағы боксшылардың салмақтарын зерттеу туралы тапсырма береміз. Өйткені  бұрынғы күні бұл салмақта 210 фунттық (95 келі) боксшылар мен 250 фунттық (113 келі) боксшылар бар. Қарап отырсаңыз, боксшылардың салмақ дәрежелерінде көп айырмашылық бар. Алдағы уақытта біз салмақтың боксшыларға қандай әсер тигізетінін анықтап, бұл мәселені шешеміз», — дейді Сулейман. 

WBC президентінің айтуынша, зерттеу жұмыстары шамамен жарты жылға жалғасады. Содан соң ғана аса ауыр салмақты екі дивизионға бөлу мәселесін қарастырады. Кеңес мүшелері бұл мәселені бүге-шегесіне дейін зерттеп, содан соң шешім шығарады. Өйткені бұл шешім басқа ұйымдарға кері әсерін тигізбеуі керек. 

Еске салайық, дәл осы WBC кезінде ауыр салмақтағы боксшыларды екі дивизионға бөлген еді. Ол 1979 жылы болған. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс