Бокс

Жақиянов пен Барнетт кездесуін Қазақстанда тікелей эфирде көрсетеді

Жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов 27-1, 18 КО) арасындағы кездесуді Қазақстанда тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Филипп Фондю айтты,  — деп жазады Qsport.kz порталы. 

«Біз бұл жекпе-жекті НВО арнасы көрсететініне қуанып отырмыз. Бұл біз үшін жақсы жаңалық. Кездесудің қандай маңызды екенін көрсетеді. Қазақстан арналарының бірі де бұған дейін жекпе-жекті көрсету туралы келіссөз жүргізген еді. Бірақ эфир кезінде SKY арнасының логотипі тұруына байланысты көрсетілімнен бас тартқан болатын. 

Бұл әу бастағы проблемма еді. Қазір ол шешілді. Стокгольм (Швеция) қаласында орналасқан Silver Spring Media компаниясы WBA және IBF тұжырымдары үшін өтетін кездесуді Қазақстан аймағына таза жеткізіп беретін болды. Өкінішке қарай, қазір Қазақстанда бұл кездесуді қай арна көрсететінін айта алмайды. Бұл туралы шамалы кейінірек белгілі болады», — дейді Фондю Qsport.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс