Соңғы жаңалықтар

Англия құрамасы әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шықты

Футболдан Англия құрамасы кеше өз алаңында Словения құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шықты. Кездесудегі жалғыз голды құраманың жаңа капитаны Гарри Кейн соқты, — деп жазады Qsport.kz порталы. 

» F» тобында параллельді Глазго қаласында өткен Шотландия және Словакия арасындағы кездесу де 1:0 есебімен аяқталды. Осылайша, Англия құрамасы тоғыз ойыннан кейін 23 ұпай жинап, өз тобында жеке дара көш бастады. Екінші орында келе жатқан Шотландия құрамасының еншісінде 17 ұпай бар. Енді олар іріктеу кезеңінің соңына дейін Англия құрамасын қуып жете алмайды. Бұл тапта 15 ұпай бар Словакия құрамасы тұрса, төртінші орынға 14 ұпай жинаған Словения құрамасы келеді. Енді осы үш құраманың біреуі әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне жолдама беретін қосымша кездесуге қатысуға таласады. 

Айта кетейік, Англия құрамасы әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне жолдама алған оныншы команда. Бұған дейін Ресей, Бельгия, Бразилия, Мексика, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы және Германия секілді елдер жолдама алған еді. 

Жалпы, Англия құрамасы әлем біріншілігің финалдық кезеңінде 14 рет қатысқан. Ал 1966 жылы әлем чемпионы атанған. 1994 жылдан бері футболдың отаны саналатын елдің футболшылары ширек финалдан аса алмай келеді. 

Еске салайық, 2018 жылғы әлем біріншілігі 15 маусым мен 15 шілде аралығында Ресей жерінде өтеді. Біріншілікті Мәскеу, Санкт-Петербор, Казан, Нижний Новогород, Самара, Волгоград, Ростов, Саранск қалалары қабылдайды. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар