Бокс

Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов жаттығуларын пысықтап жатыр

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов келесі кездесуіне жаттығуларын пысықтап жатыр, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Батыр Жүкембаев (9-0, 8 KO) пен Абылайхан Құсайынов (6-0, 5КО) 27 қазан күні Канаданың Монреал қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Батыр осы жолы панамалық былғары қолғап шебері Альберто Москуэраға қарсы жекпе-жек өткізетін болды.  Альберто Москуэра 1987 жылы туған. Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2005 жылдың 29 шілдеде өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен. Ал бүгінге дейін 29 кездесу өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен, 3 рет жеңілген және 2 кездесу тең аяқталған. 16 қарсыласын нокаутпен ұтса, 3 қарсыласынан нокаутпен ұтылған. Панамалық боксшы соңғы кездесуін 2017 жылдың 25 мамырда өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен.

Ал Абылайхан Құсайыновтың қарсыласы әзірге белгісіз. 26 жастағы былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста 6 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетсе, бесеуін уақытынан бұрын аяқтаған.

Еске сала кетейік, Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов 27 қазан (Астана уақыты бойынша 28 қазан) күні Канаданың Квебек қаласында кезекті рет шаршы алаңға шығады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс