Бокс

WBC тұжырымы бокска жаңа салмақ дәрежесін қосуы мүмкін

WBC тұжырымының басшысы Маурицио Сулейман боксшылар үшін тағы бір салмақ дәрежесін қосу туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Мұндай шешімді Маурицио Сулейман WBC Конвенциясын жабылу салтанатында айтып, ауыр салмақтағы боксшылардың салмағын екіге бөлу туралы шешім қабылдайтынын білдірді. Ол өз сөзінде: «Біз WBC ұйымының медициналық бригадасына ауыр салмақты зерттеу туралы тапсырма береміз. Өйткені ауыр салмақта жұдырықтасатын боксшылардың салмағы 95 келі мен 113 келі аралығында, яғни салмақ дәрежесінде едәуір айырмашылықтар бар. Біз бұл  мәселені шешіп, қай салмақтың боксшылар үшін қолайлы екенін анықтаймыз. Зерттеу нәтижесі жарты немесе бір жылда белгілі болады», – дейді Сулейман.

Айта кетейік, Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан 55-Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Конвенциясына Геннадий Головкиннен бөлек, Виталий Кличко, Виктор Постол, Майрис Бриедис, Срисакет Сор Рунгвисаи, Кристина Хаммер, Икрам Керват, Фатума Зарика, Джон Фернандес, Насим Хамед, Амир Хан, Эвандер Холифилд, Костя Цзю сынды боксшылар да шақырту алған.

Еске салайық, Бакуда өтіп жатқан конвенцияда WBC президенті Маурисио Сулейман Головкин — Альварес арасындағы екінші кездесуді өткізуге рұқсат берді. Қазір екі боксшының командалары келіссөздер жүргізіп жатыр. Екінші кездесу шамамен 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс