Бокс

Давид Лемьенің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы канадалық Давид Лемье (38-3, 33 KOs) келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты, — деп жазады Qsport.kz порталы. 

28 жастағы канадалық боксшының келесі кездесуі 2 желтоқсан күні өтеді. Оның қарсыласы кім екені әлі белгісіз. 

«2 желтоқсан күні өтетін келесі жекпе-жегім туралы жаңалықты асыға күтудемін. Уайымдап жүрмін. Бірақ дайынмын», — деп жазды Лемье өзінің твиттер парақшасында. 

Лемьенің келесі қарсыласы бірінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері 36 жастағы пуэрторикалық Мигель Котто (41-5, 33 КО) болуы ықтимал. Пэурторикалық боксшы да жекпе-жегін 2 желтоқсан күні Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden спорт кешенінде өткізеді. 

Давид Лемье кәсіпқой бокс шаршы алаңында 41 кездесу өткізіп, оның 38-інде жеңіске жеткен. 3 рет жеңіліп қалған. Канадалық боксшы бұған дейін орта салмақтағы IBF белбеуінің иегері болған. Алайда 2015 жылы ол белбеуін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) жеңіліп қалды. 

Котто да кәсіпқой бокста 41 кездесу өткізіп, 5 рет жеңілген. Ол 2004 жылы бірінші жартылай орта салмақтағы WBO, 2006-2009 жылдары жартылай орта салмақта WBA, 2014-2015 жылдары орта салмақта WBC белбеуін, және қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс