
Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат «Найман» Хамитов келесі кездесуін қараша айында өткізеді, — деп жазады Qsport.kz порталы.
— Менің келесі кездесуім 26 қарашада өтеді. FIGHT NIGHTS GLOBAL турнирінде. Қарсыласым ирландиялық Питер Куилли болады, — дейді Хамитов.
— Сіз жуырда ғана Арман Оспановты жеңген бразилиялық Тьяго Луис Бонифасио Силвамен кездесуге дайынмын деп едіңіз. Бұл жекпе-жектің өту мүмкіндігі қандай?
— Жақын арада мен ол жігітпен кездеспейтін шығармын. Негізі, кездесуге қарсы емеспін. Жекпе-жекті ұйымдастырса, онымен кездесемін. Бірақ менің қазіргі жоспарым басқаша. Қараша айындағы кездесуіме жақсылап дайындалу керекпін. Егер ол кездесудегі қарсыласым жарақат алып қалса, ұйымдастырушылар мүмкін бразилиялық спортшыны шақыртатын шығар. Ол жағын мен білмеймін.


Ережесіз жекпе-жек
Нұрсұлтан Қасымханов АСВ 85 турниріндегі қарсыласы ауысты

Басқалары
Ұлан Рысқұл «Жетісу бөрісі» атанды

Ережесіз жекпе-жек
Нұрсұлтан Қасымханов АСВ 85 турнирінде сынға түседі

Ережесіз жекпе-жек
Айбек Нұрсейіттің кезекті жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

Ережесіз жекпе-жек
Диас Еренғайыпов WFCA турнирінде жеңіске жетті

Ережесіз жекпе-жек
Хабиб Нурмагомедовтың UFC 223 турнирінен қанша қаражат тапқаны белгілі болды

Ережесіз жекпе-жек
Ержан Естанов: Қазақстанда тек жеңілгеніңді айтады
