Ережесіз жекпе-жек

ММА спортынан әлем чемпионатына қатысатын спортшыларымыз анықталды

Турнир Астанада өтеді.

Астана қаласында ММА спортынан V әлем чемпионатында Қазақстан атынан сынға түсетін спортшыларымыз белгілі болды, – деп хабарлайды  Qsport.kz порталы.

Қазанның 5-і мен 6-сы аралығында  дүниежүзілік ММА қауымдастығы  (WMMAA) нұсқалары бойынша, ММА спорт түрінен өтетін V Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшыларың барлығы тәжірибелі, әлем чемпионаттарында үздіктер қатарынан көрініп жүрген саңлақтар.

Қазақстан құрамасынан қатысатын жекпе-жек майталманарының тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

Әйелдер арасында: 

52.2 кг. — Зарина Кадырбаева
61.2 кг. Мария Агапова

Ерлер арасында:
56.7 кг. Санжар Әділов
61.2 кг. Абылай Төлеш
65.8 кг. Денис Муцник
70.3 кг. Алтынбек Бақтыгелдинов
77 кг. Темірлан Ықсанғалиев
84 кг. Еркiнбек Інжел
93 кг. Мәди Райхан
93 +кг. Әлімжан Сүлейманов

Айта кетейік, Астанада өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 30 мемлекетінен 150-ден астам әуесқой спортшы өнер көрсетеді. 2016 жылы бұл дода Макао қаласында өткен болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек