Ережесіз жекпе-жек

Қазақстандық спортшы UFC-дің бұрынғы майталманымен тең жекпе-жек өткізді

Қазақстандық жекпе-жек өкілі Гойти  Дазаев (7-0-0) WFCA 43 турнирінде UFC-дің экс-спортшысымен өткізген жекпе-жегінде тең түсті,  – деп хабарлайды  Qsport.kz порталы.

Шешенстанның Грозный қаласында өткен турнирде отандасымыз бразилиялық Элиас Сильвериоға қарсы жекпе-жек өткізіп, үш раунд қорытындысы бойынша қарсыласымен тең түсті. Отанасымыз UFC тұжырымында сынға түскен бразилиялық спортшыны әбден әуре-сарсаңға салғанымен осал тұсын таба алмады. Төрешілер «Көкжал» лақап атымен танылған Гойти мен Сильверионың қолын бірдей көтеріп, жекпе-жектің тең дәрежеде өткенін айтты.

Айта кетейік, Гойти Дазаев сегізбұрышта жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген спортшы. Ол соңғы жекпе-жегін  WFCA турнирінде Самат Эмильбековке қарсы өткізіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Ал Сильверио  үшін бұл сегізбұрштағы 16 жекпе-жегі, бразилиялық спортшы 12 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте қарсыласына есе жіберген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ережесіз жекпе-жек