Ережесіз жекпе-жек

Астанадағы ММА федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Астана қаласының  ММА грэпплинг және панкратион федерациясына жаңа басшы тағайындалды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Астана қаласындағы ММА федерациясының басшысы қызметіне Диас Қабудов тағайындалды. Бұл туралы ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы Айдар Махметов өзінің инстаграмдағы парақшасына жариялады. Ол өз сөзінде: «Диас еліміздегі ММА спортының қарқынды дамуына орасан зор үлес қосып жүрген азамат. Қарапайым, қайсар мінезді отандасымыздың бұл қызметке келуі ережесіз жекпе-жек спортының болашағын жарқын етеді деп ойлаймын», – дейді Айдар.

Еске сала кетейік, қазанның 5-і мен 6-сы аралығында  дүниежүзілік ММА қауымдастығы (WMMAA) нұсқалары бойынша, ММА спорт түрінен байрақты бәсеке, әлем чемпионаты өтеді. Әуесқойлар мен әйелдер арасында өтетін жекпе-жек кештерінен әлемнің 30 елінен, 100 спортшы бақ сынайды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек