Ережесіз жекпе-жек

Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедовтың жекпе-жегі ешқашан болмайды

UFC  тұжрымының чемпионы Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесу мүлдем өткізбейді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

UFC-дің жарқын жұлдыздары Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек ешқашан болмауы мүмкін. Бұл туралы Хабиб Нурмагомедовтың және отандасымыз Арман Оспановтың менеджері Али Абдуль-Азиз айтты. Ол өз сөзінде: «Біз Конордың Тонимен де Хабибпен де жекпе-жек өткізбейтінін жүз пайыз білеміз. Бұл ақиқат. Сендер МакГрегордың Хабибпен Ресейде кездесу өткізгісі келетінін жаңалықтан оқыдыңдар. Алайда бұл жай ғана Конорға деген қызығушылықты арттыру мақсатында жасалған саясат. UFC-ге миллиондар әкелетін спортшыны тұжырым басшылары Хабибпен жекпе-жекке шығарып, бес раунд бойы таяқ жегені кімге керек? Әрине, бұл жекпе-жекті өткізу UFC басшылары үшін ақымақтық», – дейді Али.

Айта кетейік, жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор осы салмақта рейтингтегі нөмірі бірінші спортшы Хабиб Нурмагомедовпен Ресейде жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Ал Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта рейтингтің көшін бастап, уақытша чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік алған. Алайда жарақатына байланысты Тони Фергюсонге қарсы жекпе-жекке шыға алмаған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек