Басқалары

Министрлік қызметкерлері асық атудан жарысты

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлері арасында Асық ату ұлттық спорттық ойынынан жарыс өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жарыстың басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Асық ату ойыны көне заманнан келе жатқан қазақ xалқының төл дәстүрімен ұштасқан, қазақ баласының қанына біткен ұлттық ойын.

Жарысқа министрлік құрамына кіретін комитеттер мен департаменттердің командалары қатысты.

Ақтық сайыс өте тартысты өтті, спорт комитетінің екі командасы 2 ойын өткізіп тең түсіп, тек 3-ойында бір асық айырмасымен шын мықтыны анықтады.

Бас сарапшы Мұxамеджан Бекназаров пен басқарма басшысы Ермек Жусанов жеңіске жетіп бірінші орын иеленді. Ал екінші орынды Министрдің орынбасары Сәкен Мұсайбеков пен комитет төрағасының орынбасары Асқар Есімовтердің командасы иеленді, үшінші орынды Тілдерді дамыту комитетінің командасы еншіледі.

-Ұлттық спортты насиxаттау осындай жарыстардан басталады, — дейді ұйымдастырушылар. Министрлік басшылығы ұжым арасында спорттың тағы да бірнеше түрінен тұрақты жарыстарды ұйымдастыруды қолға алмақшы.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары