Бокс

Жанат Жақиянов Барнетке қарсы жұдырықтасатын тактикасын айтты

Жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) осы салмақтағы IBF белбеуінің иегері Райан Барнетке қарсы қандай тактикамен жұдырықтасатынын Qsport.kz порталына айтып берді.

Алдағы жекпе-жегіне шетелде дайындалып жатқан отандасымыз Барнетке қарсы қандай тактика ұстанатынын айтты. Жанат өз сөзінде: «Райан аяқта жақсы жұмыс істейтін, өте жылдам боксшы. Сондықтан алғашқы раундтан бастап қысым көрсетіп, бірінші нөмермен жұдырықтасуға және жақын қашықтықтағы мүмкіндіктерімді пайдалануға тырысамын», – дейді Жақиянов.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов пен IBF тұжырымының чемпионы Райан Барнет арасындағы жекпе-жек 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс