Басқалары

Ашхабад – 2017: Айбек Нұғымаров Азия чемпионы атанды

Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында Айбек Нұғымаров қазақ күресінен чемпион атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақ күресі қосылған Азия чемпионатының ақтық белдесуінде Айбек Нұғымаров қырғыз балуаны Назар Дурдиевті жеңіп, алтыннан алқа тағынды.

Естеріңізге сала кетсек,  Айбек Нұғымаров «ЭКСПО» көрмесі аясында Астана қаласында өтіп жатқан «Әлем Барысы» турнирінің 2017 жылғы жеңімпазы атанған болатын. Отандасымыз алғашқы айналымда польшалық Петр Томаш ұтып, екінші белдесуінде өзбек Муxсин Хисомидиновтан айласын асырып кетті. Ширек финалда Еламан Ерғалиевтің мысын басып, жартылай финалда отандасымыз Серік Бердімұратпен тартысты өткен белдесуде 11:10 есебімен ұтты. Ал финалда грузин балуанын таза жеңіспен ұтып, 2017 жылғы «Әлем барысы» атағын жеңіп алды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары