Басқалары

Дзюдодан Президент кубогы Ақтөбеде өтеді

27-29 қыркүйек күндері Ақтөбеде дзюдодан Президент кубогы өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған Қазақстан Республикасының Президенті кубогында дзюдошылар команда бойынша сынға түседі. Жарысқа 2000 жылға дейінгі туған ерлер қатыстырылады.

Президент кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен қатар, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жарыс Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өткізіледі.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары