Басқалары

Ашхабад-2017: Эстафетадан алтынды қайтарып беруге мәжбүр болдық

Түркіменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлетикадан әйелдер арасында 4х400 метрлік эстафетадан Қазақстан қыздар құрамасы чемпион атанған болатын. Бірақ кейіннен ұйымдастырушылар алтын жүлдемізді қайтарып алды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс кезінде Анастасия Виногродова тәртіп бұзып, яғни  сызықты басып кетіп, құрама дискваликификация алды. Сөйтіп, алтын Таиланд құрамасына бұйырды. 

Жалпы, құрама сапында Ольга Сафронова, Виктория Зябкина, Элина Михина және Анастасия Виногродова жүгірді. Осылардың арасында 400 метрлік қашықтықта жүгіруден Михинаның ғана тәжірибесі бар. Қалған үшеуі негізінен 100 метрлік, яғни спринтерлік бәсекеде өнер көрсетеді.

Қазақстан құрамасының уақыт көрсеткіші – 3:42.67 минут болған еді. Ал Таиланд қыздары мәреге  3:43.41 минутта жетті. Екінші орын  Қытай құрамасына (3:47, 35 м) бұйырды. Үштікте Түркіменстан құрамасы (3:50.39 м) бар. 

Осылайша, жетінші алтын бұйырмай қалды. Айтпақшы, бұған дейін Тайпэйде өткен Универсиада ойындарында да дәл осындай жағдай қайталанып еді. Ол кезде 100 метрлік эстафетедан Рима Кашафутдинова үш рет өзге жүгіру жолағын басып кеткен болатын. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары