Басқалары

Дамир Рыспаев «Торпедо» командасы сапында өнер көрсететін болды

Елордалық «Барыс» хоккей клубының бұрынғы ойыншысы Дамир Рыспаев өскемендік «Торпедо» командасына ауысты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы chempionat.com сайтына сілтеме жасап.

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алған Дамир енді Жоғарғы хоккей лигасында ойнайтын «Торпедо» командасының сапын толықтыратыны туралы айтқан. Ол өз сөзінде: «Бүгін Өскеменге «Торпедо» командасында өнер көрсетуге ұшып барамын. Жоғарғы хоккей лигасында бір ай ойнаймын. Сосын бапкерлер тарапы менің мәселемді толық шешеді», – дейді Рыспаев.

Айта кетейік, 2016 жылдың 8 тамызы күні Қазақстан Президенті кубогы жарысында «Барыстың» хоккейшісі Дамир Рыспаев қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасының ойыншыларын жаппай сабаған болатын. Осыдан кейін Құрлықтық хоккей лигасының тәртіп комитеті қазақстандық ойыншыны мерзімсіз уақытқа хоккейден шеттетті.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары