Бокс

Иван Дычконың жекпе-жегі кейінге шегерілді

Иван Дычконың кәсіпқой бокста өткізетін алғашқы кездесуінің уақыты өзгерді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы boxingnews.com.ua сайтына сілтеме жасап.

Иван Дычко жыл басында кәсіпқой боксқа ауысып, маусым айында The Heavyweight Factory деп аталатын америкалық промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырған болатын. 23 қыркүйекте алғашқы кездесуін өткізу керек болған отандасымыздың дебюттік жекпе-жегі 28 қыркүйек айына шегерілген. Дычконың жекпе-жегі АҚШ-тың Кентукки штатында өтеді.

Айта кетейік, отандасымызды ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос-Россарио жаттықтырып жатыр. Сонымен қатар Дычконың дайындығына ауыр салмақта бұрынғы әлемнің абсолютті чемпионы Эвандер Холифилд те көмектесіп жүр.

 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс