25 Мамыр, Сенбі

Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

2012, 2015 және 2016 жылы «Қазақстан Барысы» турнирінде топ жарып, үш мәрте «Барыс» атанған Бейбітті Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы лауазымына тағайындаған.

Айта кетейік, Бейбіт «Қазақстан Барысы» турнирінен бөлек, Әлем және Азия чемпионаттарында жеңімпаз атанған болатын.

Бөлісу

Пікір жазу