Соңғы жаңалықтар

Қазақстан кубогы Атырау қаласында таныстырылды

Қазақстан чемпионатының 27 тур «Атырау» – «Ақтөбе» ойынының алдында батысқазақстандық жанкүйерлерге жаңа трофеймен суретке түсуге мүмкіндік болды, – деп хабарлайды  Qsport.kz порталы ҚКФЛ ресми сайтына  сілтеме  жасап.

Таныстыру рәсімін Атырау футболының ардагерлері ашты. Олар командаға финалдық ойында сәттілік тілеп, Кубоктағы жеңістің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар мамандар Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына осындай тамаша іс-шара ұйымдастырған үшін алғысын білдірді — трофей финалда сынға түсетін команданың қаласына бірінші рет келді.

Фотосессия жергілікті футбол жанкүйерлер арасында ажиотаж тудырды. Фанаттар Кубоктың заманауи дизайнын және зергерлердің жұмысын атап өтті.

Кубок қола және күміс қортпаларынан құйылып, сыртынан алтын жалатылған. Ол мәрмәр тірекке орнатылып, фианитпен безендірілген.

Қазақстан кубогының финалы 2017 жылдың 14 қазанында Ақтөбе қаласындағы «Қобыланды батыр» атындағы Орталық стадионда өтеді. Ойын жергілікті уақытпен сағат 18:00-де басталып (Астана уақытымен 19:00-де), QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетілмек.

 
Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар