Бокс

WBO чемпионы: Головкин кездесу бойы бір ғана комбинацияны көрсете білді

Жартылай жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Василий Ломаченко қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекте бір ғана комбинацияны қолдана білді дейді. Бұл туралы Qsport.kz порталы хабарлайды.

Айта кетсек, Головкин — «Канело» жекпе-жегі Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтті. Төрешілер жекпе-жекті тең деп аяқтап, Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғап қалды.

«Головкин кездесу бойы бір ғана комбинацияны көрсете білді — екі еселенген джеб, бүйірден соққы жасау және апперкот. Басқа ештеңе істей алмады», — деді украиналық боксшы YouTube желісіндегі Lomachenko Fights арнасына.

Естереңізге сала кетсек, Ломаченко  Ригондо жекпе-жегі 9 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» спорт кешенінде өтеді. Бұл туралы Top Rank промоутерлік компаниясының Твиттердегі ресми парақшасы мәлімдеді.

Василий Ломаченко кәсіпқой бокста 9 кездесу өткізіп, 8-інде жеңіске жетсе, 1 кездесуде мексикалық Орландо Салидодан жеңіліп қалды. Соңғы кездесуін 29 жастағы украиналық боксшы 2017 жылдың 5 тамызында Мигель Марригаға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Айта кетейік,  Ломаченко  2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы.

Ал Гильерме Ригондо болса 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 11 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. 36 жастағы кубалық боксшы өзінің соңғы кездесуін 2017 жылдың 17 шілдесінде өткізіп, Мойзес Флорестен үстем түсті. Ригондо 2000 жылғы және 2004  жылғы  Олимпиада ойындарының чемпионы.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс