Бокс

Жақиянов – Барнетт жекпе-жегін HBO арнасы көрсетеді

Жақиянов жекпе-жегін әлем тамашалайды

21 қазан күні Солтүстік Ирландияда жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов пен IBF тұжырымының чемпионы Райан Барнеттің арасында өтетін бокс кешін HBO арнасы көрсететін болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл туралы Барнеттің промоутері өзінің Твиттердегі парақшасында жариялаған. Эдди Хирн өз сөзінде: «Жақиянов – Барнетт жекпе-жегін HBO арнасы көрсетеді. Ұлыбританияда бұл жекпе-жекті Sky Sports арнасы таратады», – деді Хирн.

Еске салайық, Жақиянов келесі 21 қазан күні Белфаст (Солтүстік Ирландия) қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы IBF белбеуінің иегері Райан Барнетт. Отандасымыз 27 кездесу өткізіп, тек бір жекпе-жекте жеңілістің кермек дәмін татқан. Соңғы рет ZZ шаршы алаңға 11 ақпан күні Толедо (АҚШ) қаласында шығып, америкалық Роуши Уорреннен үстем түсіп, жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO белбеулерін жеңіп алды. Бірақ кейіннен Жақиянов IBO белбеуінен бас тартты. Ал ирландиялық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 9 рет ол қарсыласын нокаутқа жіберген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс