Бокс

Сергей Ковалев: Геннадий 117-111 ұпайымен жеңіске жетті

Украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Ковалев орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жегінің шешімімен келіспейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды  Qsport.kz сайты.

«Головкин — Альварес жекпе-жегіндегі төрешілердің шешімінен көңілім қалды. Геннадий 117-111 ұпайымен жеңіске жетті», — деп келтіреді Сергей Ковалевтің сөзін АllВoxing сайты.

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жекте төрешілердің ойы екіге бөлінді. Бір төреші жеңісті Головкинге берсе, енді біреуі Альвареске берді. Ал үшінші төреші жекпе-жек тең өтті деп шешіпті. Қорытынды есеп: 110 — 118, 115 — 113, 114-114.

Осылайша, Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

Еске сала кетейік, Вячеслав Шабранский (19-1, 17 КО) мен Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) арасындағы кездесу 25 қараша күні Нью-Йоркте өтетін болды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс