Бокс

QAZAQ GGG-ге жеңіс тіледі

QAZAQ GGG-ге жеңіс тіледі, — деп хабарлайды QSport.kz  порталы

Қанат Ислам инстаграм парақшасында Геннадий Головкиннің намысты боксшы екенін айтты.

«Гена менің ағам! Гена елімнің мақтанышы! Гена əлемдік бокс жұлдызы! Жекпе-жегінде бауырыма сəттілік тілеймін. Бұл жолғы қарсылас оңай емес. Тəжірибелі де талантты боксшыларды ұтқан атақты «Канело». Бірақ мен GGG өз мақсатына жетпей қоймайтын намысты боксшы екенін білемін. Оны талай дəлелдеді. Жаттықтырушысы осы жолы да дұрыс тактика қойып, алғашқы раундта-ақ тізгінді Гена өз қолына алатынына күмəнім жоқ. Мейвезерден ұтылған «Канелоның» екінші жеңілісі біздің батырдан болады деп сенемін! Ел сенеді. Үміт артады. Көк туды желбірет, батыр!» — деді Қанат Ислам.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс