Бокс

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің салмақ өлшеу рәсімінен тікелей эфир


QSport.kz  порталы назарларыңызға орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен тікелей трансляцияны ұсынады.

Салмақ өлшеу рәсімі бүгін түнде Лас-Вегас қаласында өтеді. Басталу уақыты 01:00.

Еске сала кетейік, отандасымыз Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтеді. Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді. Жекпе-жекті Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс