Басқалары

Дамир Рыспаевқа Құрлықтық хоккей лигасында ойнауға рұқсат етті

«Барыс» ХК ресми сайтынан

Елордалық «Барыс» хоккей клубының бұрынғы ойыншысы, қазір «Номад» командасының сапында өнер көрсетіп жүрген Дамир Рыспаев Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететінін айтып, сүйінші сұрады, — деп хабарлайды  QSport.kz  порталы.

– Мені Құрлықтық хоккей лигасына оралуыммен құттықтай берсеңіздер болады, — деп келтіреді қазақстандық хоккейшінің сөзін Life сайты.

Бұдан бұрын Құрлықтық хоккей лигасының президенті Дмитрий Чернышенко Дамир Рыспаевқа бір ай сынақ мерзімін беретінін мәлімдеді. Бұл уақыт ішінде Дамир Жоғарғы хоккей лигасында ойнап, өзін жақсы қырынан көрсетуі қажет.

Айта кетейік, 2016 жылдың 8 тамызы күні Қазақстан Президенті кубогы жарысында «Барыстың» хоккейшісі Дамир Рыспаев қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасының ойыншыларын жаппай сабаған болатын. Осыдан кейін Құрлық хоккей лигасының тәртіп комитеті қазақстандық ойыншыны мерзімсіз уақытқа хоккейден шеттетті.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары