Бокс

Энтони Джошуа: 40 жасқа дейін жұдырықтасқым келеді

Аса ауыр салмақта IBO, IBF и WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа бокста 40 жасқа дейін жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды  Qsport.kz порталы.

«Болашығым жайлы айтар болсам, 40 жасқа дейін жұдырықтасқым келеді. Бұл жалғыз арманым. Қазіргі кезде денсаулығыңды бір қалыпта ұстау үшін әртүрлі тамақтар, демалыс кезеңдері және тағы басқа нәрселер бар. Осының арқасында бұрынғыдай спорттан ерте кетудің қажеті жоқ.

Ғылымның жеткен жетістіктерін барынша ұзақ жұдырықтасу үшін қолданса екен деймін», — деп келтіреді британиялық боксшының сөзін BoxingScene сайты.

Күні кеше аса ауыр салмақта жұдырықтасатын былғары қолғап шеберлері Энтони Джошуа мен  Кубрат Пулев Уэлстің Кардифф қаласындағы «Милленум» стандионында алғашқы пресс-конференцияларын өткізіп, көз арбасты. Шаршы алаңда 19 кездесу өткізіп, барлығын нокаутпен жеңген Энтони Джошуа мен Кубрат Пулев (25-1 -13 КО) арасындағы жекпе-жек 28 қазан күні өтетін болды.

Айта кетейік, Энтони Джошуа соңғы кездесуін сәуір айында украиналық Владимир Кличкоға қарсы өткізіп, 11 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс