Бокс

Бейбіт Шүменов Қазақстанға қайта оралды

WBA және IBA тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов Отанына қайтып келе жатыр, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ бұл туралы өзінің инстаграмдағы ресми парақшасында жариялады. Отандасымыз өз сөзінде: «Туған жерім – Қазақстанға қайта ұшып барамын. Болашақ жоспарлар мен жаңа өмірді бастауға дайынмын. Өмірімнің жаңа белестері қазірден басталады. Ешқандай да шектеу жоқ», – деді Бейбіт. 

Айта кетейік, Шүменов кәсіпқой бокста 19 кездесу өткізіп, 17 мәрте жеңіс тұғырынан көрінсе, 2 рет жеңілістің ащы дәмін татқан. Отандасымыз денсаулығына байланысты спорттық мансабын аяқтауға мəжбүр болды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс