Бокс

Қанат Ислам: Бұл жеңіс ынтымақ пен бірліктің жеңісі

NUR.KZ

Қанат QAZAQ Ислам өзінің 25 жекпе-жегінде жеңіске жеткен әсерімен бөлісті, –  деп хабарлайды Qsport.kz  порталы.

Кеше ған «ЭКСПО» көрмесі аясында кандалық Брэндон Кукке қарсы өнер көрсеткен отандасымыз, Қазақ еліне жарқын жеңіс сыйлап, спорттық мансабындағы 20-нокаутына қол жеткізген болатын. Осы орайда QAZAQ өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтып, «Бұл жеңіс Тәуелсіз елдің жеңісі. Бұл ынтымақ пен бірліктің жеңісі. Әлем алдында ұлтымыздың абыройы асқақтап, Көк туымыз мәңгі желбірей берсін. Сол жолда жұмылған жұдырықтай болуды жазсын», – деді Қанат Ислам.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйек күні Қанат бастаған қазақ кәсіпқой боксшылары Астана қаласы «Сарыарқа» велотрегінде өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, барлығы жеңіске жеткен болатын. Ал QAZAQ кәсіпқой бокстағы 25-жеңісін тойлады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс