Бокс

Санчес Головкинмен алғаш танысқанда таңғалғанын жасырмады

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық былғары қолғап шеберімен алғашқы кездесуінен алған әсерін айтып берді, — деп хабарлайды QSport.kz  порталы.

— Кешкі асты ішкеннен соң, үйге келе салысымен ғаламтор беттерін ақтардым. Оның статистикасын көргендегі алғашқы әсерімді айтып жеткізе алмаймын. «Құдайым-ау, менің залыма келген жігіттің дәл өзі ме?! Әуесқой бокста 350 мәрте жеңіске жетіп, тек бес жекпе-жегінде жеңілген. Стаститикасы 16-0? Бұл әлемнің болашақ бірінші нөмірі ғой!», — деп ойладым ішімнен. Ертесі таңғысын тағы жолықтық. Бұл жолы менің оған деген көзқарасым мүлде өзгерген болатын, — деді Санчес ESPN сайтына берген сұхбатында

Айта кетейік, Головкин — «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтеді. Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс