Бокс

EspaBox тілшісі Коттоға қоштасу жекпе-жегін Қанат Исламға қарсы өткізуге кеңес берді

Астана қаласында «ЭКСПО» көрмесі аясында өткен жекпе-жекте Қанат Ислам (24-0-0, 19 КО) канадалық Брэндон Кукты (18-0-0, 11 КО) жеңді, – деп хабарлайды  Qsport.kz  порталы.

Жекпе-жекті тамашалаған EspaBox.com сайтының тілшісі Джулиус Джулианис пуэрторикалық Мигель Коттоға қоштасу жекпе-жегін QAZAQ-қа қарсы өткізуге кеңес берді.

«Көңіл көтеретін жақсы жекпе-жек болды. Қанат тамаша жұдырықтасты. Ислам — Котто жекпе-жегі Мигель үшін жақсы қоштасу кездесуі болар еді», — деп жазды Джулианис Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, пуэрторикалық 36 жастағы былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста 45 жекпе-жек өткізіп, оның бесеуінде жеңіліс тапқан. Биыл  26 тамыз күні Мигель Котто жапон боксшысы Йосихиро Камегаиды жеңген болатын. Енді мансабындағы соңғы қоштасу жекпе-жегін желтоқсан айында өткізуді жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс